Хатым аяқталды

Топ Құранды толық оқып шықты. Төменде — хатым аяқталғанда оқылатын дұғалар.

Құран хатымыңыз қабыл болсын!

Аллам оқыған әрбір аятыңызды сауапқа жазып, жүрегіңізге Құранның нұрын, өміріңізге береке мен тыныштық нәсіп етсін. Құран әрдайым жүрегіңізге шипа, жаныңызға медет, жолыңызға жарық жолбасшы болсын.

Аллам сізді Құранды оқып қана қоймай, оны жүрекпен түсініп, амал ететін ең сүйікті, салиқалы құлдарының қатарынан етсін.

Дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Әмин!

1-дұға

اللَّهُمَّ ارْحَمْنِي بالقُرْءَانِ وَاجْعَلهُ لِي إِمَاماً وَنُوراً وَهُدًى وَرَحْمَةً *

اللَّهُمَّ ذَكِّرْنِي مِنْهُ مَانَسِيتُ وَعَلِّمْنِي مِنْهُ مَاجَهِلْتُ وَارْزُقْنِي تِلاَوَتَهُ آنَاءَ اللَّيْلِ وَأَطْرَافَ النَّهَارِ وَاجْعَلْهُ لِي حُجَّةً يَارَبَّ العَالَمِينَ *

اللَّهُمَّ أَصْلِحْ لِي دِينِي الَّذِي هُوَ عِصْمَةُ أَمْرِي، وَأَصْلِحْ لِي دُنْيَايَ الَّتِي فِيهَا مَعَاشِي، وَأَصْلِحْ لِي آخِرَتِي الَّتِي فِيهَا مَعَادِي، وَاجْعَلِ الحَيَاةَ زِيَادَةً لِي فِي كُلِّ خَيْرٍ وَاجْعَلِ المَوْتَ رَاحَةً لِي مِنْ كُلِّ شَرٍّ *

اللَّهُمَّ اجْعَلْ خَيْرَ عُمْرِي آخِرَهُ وَخَيْرَ عَمَلِي خَوَاتِمَهُ وَخَيْرَ أَيَّامِي يَوْمَ أَلْقَاكَ فِيهِ *

اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ عِيشَةً هَنِيَّةً وَمِيتَةً سَوِيَّةً وَمَرَدًّا غَيْرَ مُخْزٍ وَلاَ فَاضِحٍ *

اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ خَيْرَ المَسْأَلةِ وَخَيْرَ الدُّعَاءِ وَخَيْرَ النَّجَاحِ وَخَيْرَ العِلْمِ وَخَيْرَ العَمَلِ وَخَيْرَ الثَّوَابِ وَخَيْرَ الحَيَاةِ وَخيْرَ المَمَاتِ وَثَبِّتْنِي وَثَقِّلْ مَوَازِينِي وَحَقِّقْ إِيمَانِي وَارْفَعْ دَرَجَتِي وَتَقَبَّلْ صَلاَتِي وَاغْفِرْ خَطِيئَاتِي وَأَسْأَلُكَ العُلَا مِنَ الجَنَّةِ *

اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ مُوجِبَاتِ رَحْمَتِكَ وَعَزَائِمِ مَغْفِرَتِكَ وَالسَّلاَمَةَ مِنْ كُلِّ إِثْمٍ وَالغَنِيمَةَ مِنْ كُلِّ بِرٍّ وَالفَوْزَ بِالجَنَّةِ وَالنَّجَاةَ مِنَ النَّارِ *

اللَّهُمَّ أَحْسِنْ عَاقِبَتَنَا فِي الأُمُورِ كُلِّهَا، وَأجِرْنَا مِنْ خِزْيِ الدُّنْيَا وَعَذَابِ الآخِرَةِ *

اللَّهُمَّ اقْسِمْ لَنَا مِنْ خَشْيَتِكَ مَاتَحُولُ بِهِ بَيْنَنَا وَبَيْنَ مَعْصِيَتِكَ وَمِنْ طَاعَتِكَ مَاتُبَلِّغُنَا بِهَا جَنَّتَكَ وَمِنَ اليَقِينِ مَاتُهَوِّنُ بِهِ عَلَيْنَا مَصَائِبَ الدُّنْيَا وَمَتِّعْنَا بِأَسْمَاعِنَا وَأَبْصَارِنَا وَقُوَّتِنَا مَاأَحْيَيْتَنَا وَاجْعَلْهُ الوَارِثَ مِنَّا وَاجْعَلْ ثَأْرَنَا عَلَى مَنْ ظَلَمَنَا وَانْصُرْنَا عَلَى مَنْ عَادَانَا وَلاَ تجْعَلْ مُصِيبَتَنَا فِي دِينِنَا وَلاَ تَجْعَلِ الدُّنْيَا أَكْبَرَ هَمِّنَا وَلَا مَبْلَغَ عِلْمِنَا وَلاَ تُسَلِّطْ عَلَيْنَا مَنْ لَا يَرْحَمُنَا *

اللَّهُمَّ لَا تَدَعْ لَنَا ذَنْبًا إِلَّا غَفَرْتَهُ وَلَا هَمَّا إِلَّا فَرَّجْتَهُ وَلَا دَيْنًا إِلَّا قَضَيْتَهُ وَلَا حَاجَةً مِنْ حَوَائِجِ الدُّنْيَا وَالآخِرَةِ إِلَّا قَضَيْتَهَا يَاأَرْحَمَ الرَّاحِمِينَ *

رَبَّنَا آتِنَا فِي الدُّنْيَا حَسَنَةً وَفِي الآخِرَةِ حَسَنَةً وَقِنَا عَذَابَ النَّارِ وَصَلَّى اللهُ عَلَى سَيِّدِنَا وَنَبِيِّنَا مُحَمَّدٍ وَعَلَى آلِهِ وَأَصْحَابِهِ الأَخْيَارِ وَسَلَّمَ تَسْلِيمًا كَثِيراً.

Уа, Алла Тағалам, осы Құранның құрметіне мені мейіріңе бөлей гөр, оны маған жолбасшы, нұр, тура жол және рақым ете гөр! Уа, Алла Тағалам, осы Құраннан ұмытқанымды есіме сала гөр және одан білмегенімді үйрете гөр! Маған күндіз-түні Құран оқуды нәсіп ет! Уа күллі ғаламның Раббысы, оны ақыретте мен үшін айқын дәлел ете гөр!

Уа, Алла Тағалам, маған қорған болған асыл дінімді берік ұстауды нәсіп ете гөр! Бұл дүниелік тіршілігімді дұрыс жолға сала гөр! Ақырында қайтар жерім болған ақыретімді оңдай гөр! Өмірімді игі істерге толы ете гөр! Сондай-ақ өлімді мен үшін жамандық атаулыдан рахат қыла гөр!

Уа, Алла Тағалам, өмірімнің соңы қайырлы болуын, барлық істерімнің ақырының қайырлы болуын және Өзіңмен қауышатын күннің мен үшін ең жақсы күн болуын нәсіп ете гөр!

Уа, Алла Тағалам, өмірімнің жақсылыққа толы, таза болуын, өлімімнің жеңіл болуын, әрі Өзіңе қара бет болмай, жарқын жүзбен қайтуды нәсіп ет!

Уа, Алла Тағалам, Өзіңнен тек қана қайырлы нәрсе сұрауды, қайырлы дұға етуді, сондай-ақ қайырлы жетістік, қайырлы ілім, игі іс пен игі сауап, игі өмір мен игі өлім тілеймін! Бір Өзіңнен хақ жолдан таймауды, таразымның ауыр басуын, иманымның шынайы және дәрежемнің жоғары болуын тілеймін! Сондай-ақ дұға-тілектерімді қабыл етіп, күнә-қателерімді кешіп, жаннаттың төрін нәсіп етуіңді сұраймын!

Уа, Алла Тағалам, маған мейіріміңе бөленуіме себепші болатын, әрі кешірім жасауыңа септігі тиетін істер істеуді нәсіп еткейсің! Сондай-ақ күнә атаулыдан аман болуды, бар жақсылыққа кенелуді және жаннатқа қол жеткізіп, тозақ отынан құтылуды нәсіп еткейсің!

Уа, Алла Тағалам, әркез және әр істе ақырымызды қайырлы ете гөр! Бізді бұл дүниеде қара бет болудан және ақыреттің ауыр азабына душар болудан бір Өзің сақтай гөр!

Уа, Алла Тағалам, Бізге біз бен күнә атаулының арасында өткел бермес бөгет болатындай қорқыныш, әрі Өзіңе деген шексіз құрмет сезімін нәсіп ете гөр! Бізді Өзіңе мойынсұндыру арқылы жаннатыңа жетелей гөр! Бізге бұл дүниенің бар ауыртпашылықтарын болмашы нәрсе етіп көретіндей (қаперге ілмейтіндей) кәміл иман нәсіп еткейсің! Бізге тіршілігімізде, тіпті өміріміздің соңына дейін есту қабілетіміздің, көру қабілетіміздің және күш-қуатымыздың қызығын көруді нәсіп еткейсің! Сондай-ақ бізге қиянат жасағаннан өшімізді алуды нәсіп етіп, бізге қастық қылғанға қарсы Өзің жәрдем бере гөр! Дінімізге (иманымызға) кесірін тигізетін нәрселерден, есіл-дертіміздің тек дүние болуынан және білімімізді тек дүниелік мақсатта қолданудан бір Өзің сақтай гөр! Сондай-ақ бізге жаны ашымайтындардың бізден үстем түсуіне жол бере гөрме!

Уа, Алла Тағалам, біздің бар күнәмізді кеше гөр! Бар мұңымыздан арылта гөр! Барлық қарыздарымыздан құтқара гөр! Уа, мейірімділердің ең мейірімдісі, біздің бұл дүниедегі һәм ақыреттегі барлық мұң-мұқтажымызды Өзің ете гөр!

Уа Раббымыз, бізге бұл дүниеде жақсылық бере гөр, ақыретте де, жақсылық бере гөр, әрі бізді тозақ азабынан бір Өзің сақтай гөр! Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), оның жақындарына саңлақ сахабаларына Алланың игілігі мен сансыз сәлемі болсын!

2-дұға

اَلْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ ؛ وَالْعَاقِبَةُ لِلْمُتَّقِينَ ؛ وَلَا عُدْوَانَ إِلَّا عَلَى الظَّالِمِينَ ؛ وَالصَّلَاةُ وَالسَّلَامُ عَلَىرَسُولِنَا مُحَمَّدٍ وَعَلَى آلِهِ وَ صَحْبِهِ أَجْمَعِينَ ؛

اَللَّهُمَّ رَبَّنَا يَا رَبَّنَا تَقَبَّلْ مِنَّا إِنَّكَ أَنْتَ السَّمِيْعُ الْعَلِيْمُ، وَتُبْ عَلَيْنَا يَا مَوْلَانَا إِنَكَ أِنْتَ التَّوَّابُ الرَّحِيْمُ، وَاهْدِنَا وَوَفِّقْنَا إِلَى الْحَقِّ وَإِلَى طَريْقٍ مُسْتَقِيْمٍ، بِبَرَكَةِ خَتْمِ الْقَرْآنِ الْعَظِيْمِ، وَبِحُرْمَةِ حَبِيْبِكَ وَرَسُوْلِكَ الكَرِيْمِ، وَاعْفُ عَنَّا يَا كَرِيْمِ، وَاعْفُ عَنَّا يَا رَحِيْمِ، وَاغْفِرْ لَنَا ذُنُوْبَنَا بِفَضْلِكَ وَكَرَمِكَ يَا أَكْرَمَ الْأَكْرَمِيْنَ وَيَا أَرْحَمَ الرَاحِمِيْنَ.

اَللَّهُمَّ زَيّنَا بِزِيْنَةِ خَتْمِ الْقُرآنِ، وَأَكْرِمْنَا بِكَرَاَمِة خَتْمِ الْقُرْآنِ، وَشَرِّفْنَا بِشَرَافَةِ خَتْمِ القُرْآنِ وَأَلْبِسْنَا بِخِلْعَةِ خَتْمِ الْقُرْآنِ، وَاَدْخِلْنَا الْجَنّةَ مَعَ القُرْآنِ، وَعَافِنَا مِنْ كُلِّ بَلَاءِ الدُّنْيَا وَعَذَابِ الآخِرَةِ بِحُرْمَةِ خَتْمِ الْقُرْآنِ، وَارْحَمْ جَمِيْعَ أُمّة مُحَمَّدٍ بِحُرْمَةِ خَتْمِ القُرآنِ.

اَللَّهُمَّ اجْعَلِ الْقُرْآنَ لَنَا فِي الدُّنْيَا قَرِيْنًا، وَفِي الْقَبْرِ مُونِسًا، وَفِي القِيَامَةِ شَفِيعًا، وَعَلَى الصِّرَاطِ نُوْرًا، وَإِلَى الْجَنَّةِ رَفِيْقًا، وَمِنَ النَّارِ سِتْرًا وَحِجَابًا، وَإِلَى الْخَيْرَاِت كُلِّهَا دَلِيْلًا وَإِمَاًما. بِفَضْلِكَ وَجُودِكَ وَكَرَمِكَ يَا أَرْحَمَ الرَّاحِمِيْنَ.

اَللَّهُمَّ ارْزُقْنَا بِكُلِّ حَرْفٍ مِنَ الْقُرْآنِ حَلَاوَةً، وَبِكُلِّ كَلِمَةٍ كَرَامَةً، وَبِكُلِّ آيَةٍ سَعَاَدةً، وَبِكُلِّ سُوْرَةٍ سَلَامَةً، وَبِكُلِّ جُزْءٍ جَزَاءً. وَصَلَّى اللهُ عَلَى سَيِّدِنَا مُحَمَّدٍ وَآلِه وَصَحْبِهِ أَجْمَعِيْنَ الطَّيِّبِيْنَ الطَّاهِرِيْنَ.

اَللَّهُمَّ بَلِّغْ ثَوَابَ مَا قَرَأْنَاهُ وَنُوْرَ مَا تَلَوْنَاُه بَعْدَ الْقَبُوْلِ مِنَّا بِالْفَضْلِ وَالْإِحْسَانِ هَدِيَّةً وَاصِلَةً إِلَى رُوْحِ نَبِيِّنَا مُحَمّدٍ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ ، وَإِلَى أَرْوَاحِ أَوْلَادِهِ وَأَزْوَاجِهِ وَأَصْحَابِهِ رِضْوَانُ اللهِ عَلَيْهِمْ أَجْمَعِيْنَ، وَإِلَى أَروَاحِ آَبَائِنَا وَأُمَّهَاتِنَا وَأَبْنَائِنَا وَبَنَاتِنَا وَإِخْوَتِنَا وَأَخْوَاتِنَا وَأَعْمَامِنَا وَعَمَّاتِنَا وَاَخْوَالِنَا وَخَالَاتِنَا وَأَصدِقَائِنَا وَأَسَاتِذِنَا وَأَقْرِبَائِنَا وَمَشَايِخِنَا وَلِمَنْ لَهُ الْحَقُّ عَلَيْنَا، وَإِلَى أَرْوَاحِ جَمِيْعِ الْمُؤْمِنِيْنَ وَالْمُؤْمِنَاتِ وَالْمُسْلِمِيْنَ وَالْمُسْلِمَاتِ اَلْأَحْيَاءِ مِنْهُمْ وَاْلأَمْوَاتِ بِرَحْمَتِكَ يَا أَرْحَمَ الرَّاحِمِيْنَ. جَزَى اللهُ عَنَّا سَيِّدَنَا مُحَمَّدًا صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّم مَاهُوَ أَهْلُهُ. سُبْحَانَ رَبِّكَ رَبِّ الْعِزَّةِ عَمَّا يَصِفُوْنَ وَسَلَامٌ عَلَى الْمُرْسَلِيْنَ. وَالْحَمْدُ لِلهِ رَبِّ الْعَالَمِيْنَ. اَلْفَاتِحَة

Әлемдердің Раббысына мадақ болсын! Ақыреттің қайырлысы тақуалар үшін! Дұшпандық тек қана залымдарға тиісті. Елшімізге (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), оның отбасына және сахабаларына Алланың игілігі мен сәлемі болсын!

Уа Алла Тағалам, Раббымыз, бізден қабыл ете гөр. Расында Сен Аса естушісің, білушісің. Уа Иеміз, бізден тәубемізді қабыл ете гөр. Ақиқатында Сен тәубені қабылдаушы, ерекше мейірімдісің. Осы ұлы Қасиетті Құран берекетімен, әлемге рақым етіп жіберілген Сенің сүйікті елшіңнің құрметіменбіздерді ақиқатпен жүргізіп, тура жолда сақтай гөр. Уа Жомар Иесі, бізді ғафу ете гөр. Уа ең мейірімді, бізді ғафу ете гөр. Уа Кеңпейілділердің ең кеңпейілдісі, Мейірімділердің ең мейірімдісі, Өз фадылыңмен, құрметіңмен біздің күнәларымызды кешіре гөр.

Уа Алла Тағалам, бізді Құран хатымымен әсемдей гөр, бізді Құранның кереметімен құрмет ете гөр. Бізді Құранның шарапатын несіп ете гөр. Құран хатымымен көркем ете гөр. Құранмен жаннатқа кіргізе гөр. Құран хатымның құрметімен осы дүниенің қиыншылығынан, ақыреттін азабынан сақтай гөр. Құран хатымның кұрметімен Мұхаммед үмметін мейіріңе бөлей гөр.

Уа Алла Тағалам, Құранды осы дүниеде біз үшін жақын ете гөр, қабірде мейірім ете гөр, қияметте шапағат ете гөр, сиратта нұр ете гөр, жаннатта жолдас ете гөр, тозақ отынан перде, жамылғы ете гөр. Уә Мейірімділердің ең мейірімдісі, Өзіңнің құрметіңмен, фазылыңмен барлық жақсылықтарға дәлел мен имам ете гөр.

Уа Алла Тағалам, Құранның оқылған әрбір әріпі үшін тәттілік, әрбір сөз үшін құрмет, әрбір аят үшін бақыт, әрбір сүре үшін амандық, әрбір пара үшін сауап жаза гөр. Мұхаммедке (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), оның отбасына және сахабаларына Алланың игілігі мен сәлемі болсын!

Уа Алла Тағалам, Құраннан оқығанымыздың сауабын жеткізе гөр, оқығанымызды нұр ете гөр. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) рухына фазылдық пен жақсылықпен байланысқан сый ете гөр. Елшіміздің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) рухына, оның отбасына және сахабаларына Алланың игілігі мен сәлемі болсын.

Уа Мейірімділердің ең Мейірімдісі, Өз рақыметіңмен Ата-бабаларымыздың рухына, әкелеріміз бен аналарымызға, балаларымыз бен қыздарымызға, ұрпақтарымызға, әпке-сіңлілеріміз бен бауырларымызға, туған-туысқандарымызға, достарымызға, ұстаздарымыз бен ғалымдарымызға және сауаптан үміт еткендердің рухтарына және бүкіл мүмин мұсылмандардың рухтарына Құран сауабын, нұрын жеткізе гөр.

Әлемдердің раббысына мадақ болсын

Әл Фатиха...

Аудармасы ұйымдастырушылардың материалынан алынды. Араб мәтіні оқу үшін берілген.

Басты бетке
Басты бетТоптарМенің рубғтарымТарих